|
Сириядағы соғыстан 200 мыңнан аса адам қаза тапқан
|
2011 жылдан бері толастамай келе жатқан Сириядағы соғыстан 200 мыңнан аса адам қаза тапқан. Бұл жайында осы елдегі адам құқығының сақталуын қадағалайтын кеңес хабарлады. Олардың есебіне қарағанда, қаза тапқандардың дені қақтығысқан тараптардың қолына қару ұстаған сарбаздары болып шыққан. Яғни, осы соғыста 130 мыңдай сарбаз қарулы қақтығыстың құрбаны болған. Ал осы соғыстан опат болғандардың үштен бірін бейбіт тұрғындар құрайды. Олардың арасында балалардың қарасы көп – 10 мыңнан асады. Ал осынау қарулы қақтығыстан жарақат алғандар саны 1 млн-нан асып жығылады екен. 10 млн-нан аса адам босқын атанған. Олардың дені Түркияға, Ливанға және Иорданияға бас сауғалаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды