Сириядағы қақтығыс Украинадағы соғыстың барысына қалай әсерін тигізеді – сарапшы
Сириядағы қақтығыс Украинадағы соғыстың барысына қалай әсерін тигізеді – сарапшы
12 сағат бұрын 148 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сириядағы көтерілісшілердің жетістігі мен жеңісі Ресейдің Таяу Шығыстағы ықпалын әлсіретеді. Александр Мусиенко есімді Ресейдің әскери-құқықтық зерттеу орталығының жетекшісі әрі сарапшысы Украинадағы соғысқа байланысты Кремл жеткілікті деңгейде Башар Асад режиміне жәрдем бере алмайтынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы YouTube әлеуметтік желісіндегі "Телеграф" арнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әскери сарапшы Ресейдің Украинадағы соғысқа бар ресурсын төгіп жатқанын жеткізді Ресей үшін іргесіндегі соғыстан ұтылмау маңызды болғандықтан Башар Асадқа тиісті көмек көрсете алмайды. Бұдан бөлек, Украинаға басып кіргенде Дамашық (Сирия астанасы) нақты жәрдем қолын соза алмады. Сарапшы 2022 жылы Ресей Украинадағы алғашқы елеулі шығынға тап болған кезде Кремл басқа елдерден, соның ішінде Сириядан және Либиядан жалдамалыларды белсенді түрде тарта бастағанын еске салды. Ресей жалдамалылардан 16 мыңға жуық адамды майдан шебінде украиндық жауынгерлерге жұмылдыруды жоспарлаған, алайда, шын мәнісінде 1200 жалдамалы ғана келген. Бұл жалдамалылардың бір бөлігі Мариупол маңындағы шайқастарға қатысты, ал басқалары өздерін босқындар ретінде көрсетіп, Беларус-Польша шекарасы арқылы Еуропаға өтуге тырысты. Ресейдің назары Украинаға ауғанын ескерген сириялық көтерілісшілер осы ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып кетті. Ресей қазіргі уақытта екі майданда бірдей ұрыс қимылдарын жүргізуге қабілетсіз. Десе де сарапшы Ресейдің Сириядан кетуі Ресейдің ықпалын түбегейлі жоюы мүмкін екенін ескертті.

0 пікір
Мұрағат