Сириядағы азаматтық соғыстан қаза тапқандар саны жарияланды
|
2011-2024 жылдар аралығындағы азаматтық соғыстан қаза тапқан сириялықтар қарасы 528 500-ден аса адам қаза тапқан. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сирияның адам құқығы обсерваториясының өкілдері бұл статистикалық дерекке таяуда қарулы қақтығыстан қаза тапқандар мен бірнеше бауырластар қабірінен табылған мәйіттердің де саны кіріп отыр. Бұдан бөлек, желтоқсан айында осы азаматтық соғыс жылдарында із-түссіз хабарсыз кеткендердің, яғни, жоғалған 6777 адам да қаза тапқандар санатына жатқызылып, осы мәліметте қамтылған. Бұл тізімге, сондай-ақ, соңғы күндері көтерілісшілер мен Башар Асад режимінің әскері арасындағы қарулы қақтығыстан қаза тапқандар да кірген. 2024 жылдың өзінде 3598 адам соғыс құрбанына айналған, олардың 240-ы – әйелдер де 337-і – балалар. Ал 2023 жылы соғыс саябырсыған 2023 жылы 4360 адам қаза тапқан, олардың 1900-ы – бейбіт тұрғындар. Аталмыш ұйымның бұл бағыттағы баяндамасындағы мағлұмат бойынша азаматтық соғыс басталған 2011 дылдан бері түрме қабырғаларында 64000 тұтқын қаза тапқан. Олардың дені азаптаудан, медициналық көмек көрсетілмеуден, жағдайдың нашарлығынан көз жұмған.