Сирияда осы уақытқа дейін қанша бейбіт тұрғын қырылды?
Сирияда осы уақытқа дейін қанша бейбіт тұрғын қырылды?
2 жыл бұрын 1149 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі басқармасы 2011 жылдың наурыз айында басталған елдегі қанқұйлы соғыста қанша бейбіт тұрғынның «қосақ арасында кеткенін», яғни, қаңғыған оқ пен қасақана шабуылдан опат болғанын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құқық қорғаушылар есебінше, осы уақытқа дейін 306887 бейбіт тұрғын қаза тапқан. БҰҰ-ның адам құқығы бойынша жоғарғы комиссары Мишел Башелет Сирия аумағындағы соғыста қаза тапқандарды есепке алғанда отты қарулардан, жарылыстардан және әскери опреациялардан бақилық болғандары ғана ескерілген. Ал осы соғыс кесірінен орын алған аштықтан, аурудан, шөлден, дер кезінде медициналық жәрдем көрсетілмегендіктен, т.б. опат болғандар санатқа алынбаған.

0 пікір
Мұрағат