Сирия мен Ирактағы лаңкестер қатарында 20 мың шетелдік бар
|
Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша Ирак пен Сирия аумағында соғыс жүргізіп жатқан "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының сапында 20 мыңдай шетелдік азамат бар деп хабарлайды Associated Press АҚШ Конгресс өкілдерінің ұлттық қауіпсіздік палатасы жөніндегі комитетке сілтеме жасап. Олардың 3,4 мыңы Батыс елдерінен қосылған содырлар көрінеді.
Аталған ұйым мәліметтері бойынша, АҚШ тарапынан "Ислам мемлекетінің" қатарына 150-дей азамат өтпек болған. Олардың жартысы барар жолда кері қайтарылса, қалғандары соғыс даласында көз жұмған.
АҚШ Ұлттық антитеррорлық орталығының басшысы Ник Расмуссеннің айтуынша, Ирак пен Сирияда соғысып жүрген шетелдіктер әлемнің 90 елінен келген көрінеді. Олардың саны Ауғанстан мен Пәкістанда, Йемен мен Сомалиде соғысып жүрген шетелдіктердің санынан әлдеқайда көп дейді ол.
Ең басты қауіп - сол шетелдік лаңкестердің өз отандарына оралуы. Олар елге келіп бүлікшіл әрекеттерін бейбіт халықтың арасында жалғастыратын болады дейді АҚШ сарапшылары.