Сиқыршыларға соғыс жариялады
Сиқыршыларға соғыс жариялады
10 жыл бұрын 3513

Тәжікcтан президенті Эмомали Рахмон сиқыршылықпен айналысқандарға қатысты жазаны күшейтіп, қылмыстық жауапкершілікті арттырды. Дәлірегі, осы мәселеге қатысты заңға қол қойды. Аталмыш заң бойынша ендігі жерде сиқырлықпен айналысқандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл жайында Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, осы уақытқа дейін бұл елде сиқырлықпен айналысып, қолға түскендер жеңіл жазамен құтылып кететін. Нақтырақ айтқанда, олардың қылмысы әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылып, айыппұл салумен ғана шектелетін. Тәжікстанда халық емшілерінің көбейіп кеткені сонша, медицина қызметкерлерімен бәсекеге түсіп, халықтың қалтасын қағуда. Тәжікстан ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, бұл елде бес мыңға жуық сиқыршы, бақсы-балгер бар болып шықты. Нақты фактімен өрнектесек, 2013 жылдың қараша айында адамның бойынан жын шығару процесі кезінде имам жас жігітті өлтіріп алған еді. «Олардың көбісі Халық медицинасы орталығында емші ретінде тіркеліп, сиқырлықпен, бақсылықпен айналысып, табысты күреп тауып жүр», - деп айтылған елдің ІІМ хабарында. 

0 пікір
Мұрағат