Сиқырлықпен, балгерлікпен айналысқандар енді бас бостандығынан айырылады
Сиқырлықпен, балгерлікпен айналысқандар енді бас бостандығынан айырылады
4 ай бұрын 1299 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: CristianBlazMar

Тәжікстанда бірнеше рет балгерлікпен немесе көріпкелдікпен айналысқандарды бір жылдан екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді. Алғаш рет осындай әрекетпен көзге түскендерге айыппұл төлейді немесе әкімшілік қамауға алынады. Тәжікстан республикасының қылмыстық кодексіне және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған Орта Азия елінің қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес бұдан былай балгерлікпен немесе сиқырлықпен бір жыл ішінде бірнеше рет көзге түссе, ондай тұлғаға ең төменгі айлық жалақының 1,5 мыңнан 2 мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады немесе бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. 2024 жылы Тәжікстанда есеп айырысу көрсеткіші 72 сомониді (6,8 доллар) құрайды, сондықтан айыппұл мөлшері 108 мыңнан 144 мың сомониге дейін (10 мың доллар – 13,5 мың доллар) болады. Мамыр айында Тәжікстан парламентінің төменгі палатасының депутаттары республиканың қылмыстық кодексіне балгерлкпен немесе сиқырлықпен айналысқандарға қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын түзетулер қабылдағаны хабарланған болатын. Осы мақсатта кодекске жаңа 240-баптың 1-тармағы қосылды, десе де онда қандай жаза қарастырылғаны көрсетілмеген. Мұндай алаяқтық деп танылған құқық бұзушылық алғаш рет орын алса, әкімшілік кодекстің 482-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

0 пікір
Мұрағат