Синтоизм үстем елде мұсылмандар шапшаң көбейіп келеді
Синтоизм үстем елде мұсылмандар шапшаң көбейіп келеді
4 жыл бұрын 6002 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияның Уаседа университетінің Танады Хирофуми есімді ғалымының келтірген дерегіне қарағанда, соңғы он жыл ішінде күншығыс елінде мұсылмандар қарасы екі есеге артқан. Дәлірегі, 2010 жылғы статистикалық мәлімет бойынша аталған арал мемлекетте мұсылмандар қарасы 110 мың адамнан аспаса, 2019 жылдың соңына таман бұл көрсеткіш 230 мыңға өскен. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жапонияда мұсылмандар қарасының көбеюіне байланысты ел аумағында мешіттер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жергілікті мұсылмандар қауымдастығының етекшісі Мұхаммед Тақыр Аббастың есебінше, ел аумағында әзірге 110 мешіт жамағатқа есігін айқара ашқан. Бұдан бөлек, шариғат талаптарына сай ас мәзірін әзірлейтін мейрамханалар да көбейген. Десе де бұл елдегі мұсылмандардың басты проблемасы – марқұмды ақтық сапарға шығарып салатын, яғни, жерлейтін жер тапшылығы болып тұр. Қайтыс болған жапондардың шамамен 99%-ы кремацияланатындықтан, яғни, өртелетінді. Мәйітке құрметпен қарайтын мұсылмандардың басты қайғысына айналған бұл проблема әлі шешімін таппаған. Осы мақсатта күншығыс елінің мұсылмандары 70 млн иен (жапондардың ұлттық валютасы) жинағанымен жергілікті тұиғындардың наразылығына байланысты мазар үшін жер сатып ала алмай отыр.

Уикипедия электронды анықтамасынан: Синтоизм (жапон. 神道 «құдайлар жолы») - Жапонияда кең тараған дәстүрлі дін, табиғатты алғашқы қауымдық дәріптеуден туындаған рулық және тайпалық құдайларға табыну. 1868 жылдан 1945 жылға дейін мемлекеттік дін болған, оның негізін табиғат пен ата-баба құдайларына табыну құрады. 

Синтоизмде табиғатта өмір сүретін құдайлар мен рухтар бар. Осы рухтар кез келген қолдан жасалған затқа жан бітіруі мүмкін, сол зат табыну нысанына айналады. Синтоизм бойынша өмір мақсаты ата-бабалар идеалын жүзеге асыру, құдаймен рухани бірігу салт-жоралғылар мен сыйыну. Қазіргі заманғы Жапонияда синтоизм өз ұстанымын белгілі бір деңгейде сақтаған, ал оның жаңа секталары ұлттық ділді қалыптастыруға белсене атсалысуда.

0 пікір
Мұрағат