Сингапурде жәндіктердің 16 түрін жеуге рұқсат берілді
Сингапурде жәндіктердің 16 түрін жеуге рұқсат берілді
6 ай бұрын 913 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сингапурдың азық-түлік агенттігі жәндіктерді азық ретінде тұтынуға рұқсат берді. Бұл жайында islam.kz порталы sfa.gov.sg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш құзыретті органның 2024 жылғы 8 шілдеде жарияланған мәлімдемесіне сәйкес елге өлтірілген жәндіктердің 16 түрі мен олардан жасалған азық-түлік өнімдерін әкелуге рұқсат етілген. Атап айтқанда, үй шегірткесі (Acheta domesticus), африкалық көшпелі шегіртке (Locusta migratoria migratorioides), жібек құрттары (Bombyx mori) және бал аралары (Apis mellifera). Импорттық жәндіктер мен олардан алынатын өнімдер ас-ауқат, тамақ өнеркәсібі үшін шикізат немесе ауыл шаруашылығы жануарларына жем ретінде пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір түрлерді (инвазивті болып саналмайтындар) Сингапурға тірідей әкелуге және жергілікті жерде көбейтуге рұқсат етіледі. Сингапур билігі 2022 жылы алғаш рет жәндіктерді азық-түлік ретінде тұтынуға рұқсат беруді қарастырып, осы мәселе бойынша қоғамдық кеңестер өткізді. Сингапур жәндіктерді адамдарға ас көзі ретінде пайдалануға рұқсат берген алғашқы ел емес. Мәселен, соңғы жылдары Еуропалық Одақ жәндіктердің төрт түрінен азық-түлік өндіруге және шетелден тасымалдауға рұқсат берді. Мұндай шаралар өсіп келе жатқан әлем халқын ақуызбен қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығының қоршаған ортаға түсірер ауыртпалыын азайту үшін, сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолға алынып жатыр.

0 пікір
Мұрағат