|
Сингапур банкі активтерді бөлудің жаңа схемасын ұсынды
|
Сингапурлық мамандардың бұл схемасы активтерді әртараптандыруға және ең нашар сценари орын алғанда, яғни, қаржылық немесе экономикалық дағдарыс кезінде көп шығын шекпеуге мүмкіндік бермек. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Banking & Finance ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сингапур банкі 120 000 портфелді бір жыл бойы зерттеп, қаржылық, геосаяси ахуал, т.б. факторларға қатысты күйзеліске төтеп беретінн тексеретін сынақтардан кейін әзірленген активтерді бөлудің жаңа схемасы туралы жариялады. Активтерді стратегиялық тұрғыдан бөлу аясында (SAA) мақсаты нарықтағы белгісіздікке бейімделген инвестициялық портфелдер құруға саятын «сенімді оңтайландыру» әдісі пайдаланылады. BOS (BOS немесе Buy on Spot - бағаның едәуір өскенін күтпей-ақ, ағымдағы нарықтық бағамен валюта жұбын сатып алуға бағытталған стратегия. Бұл - нарықты жылдам талдауға және орындауға негізделген қысқа мерзімді стратегия. Валюта айырбасталатын халықаралық Форекс нарығында қолданылатын стратегия) мәлімдемесінде бұл тәсілдің оған тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні айтылған. SAA моделі тәуекелдің бес бейіні бойынша портфелдерге қолданылды: консервативті, қалыпты, теңгерімді, өсіп келе жатқан және агрессивті. BOS мәлімдемесінде айтылғандай, мұндай оңтайландыру өз кезегінде жекеменшік банктер жиі қолданатын, кеңінен тараған екі шектеуді жояды: орташа дисперсияны (кездейсоқ шаманың орташаланған сипаттарының бірі) оңтайландыру және нарықтағы капитал бойынша өлшенген бнечмаркты (қарапайым сөзбен айтқанда, бенчмаркинг - өнімдер және қызметтер сапасын бағалау процесі).