Шығыс Африкада 23 млн адам ашаршылыққа ұшырады
Шығыс Африкада 23 млн адам ашаршылыққа ұшырады
8 жыл бұрын 4090 egemen.kz

Шығыс Африкада гуманитарлық зілзала әлі жалғасуда. Халықаралық қауымдастықтар маңызды шаралар қабылдамаса, оның ауқымы арта бермек, деп жазады Anadolu агенттігі. БҰҰ таратқан ақпарат бойынша, Сомали, Оңтүстік Судан, Эфиопия, Кения, Джибути, Уганда және Бурунди елдеріндегі құрғақшылық, әскери шиеленістер мен азық-түлік жетіспеушілігінен 23 миллионға жуық адам ашаршылыққа ұшыраған.

Адам өліміне әкелген бұл жағдайға аталған елдердегі экономикалық тұрақсыздық, ауа райы аномалиясы мен миграция себеп болған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығындағы мал мен егіннің төмендеуінен азық-түлік бағасы күрт қымбаттаған.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметі бойынша, Эфиопия, Кения, Сомали, Оңтүстік Судан, Уганда мен Танзанияда соңғы жылда азық-түлік бағасы рекордтық деңгейге жеткен. Тек Оңтүстік Суданда ғана баға 4 есе артқан.

0 пікір
Мұрағат