Швеция соты жария түрде Құранды өртеуге салынған тыйымның күшін жойды
Швеция соты жария түрде Құранды өртеуге салынған тыйымның күшін жойды
2 жыл бұрын 1051 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: muslimnews.com.ng

Солтүстік атлант саяси-әскери ұйымға кіруге талпыныс жасаған Швецияға НАТО-ның белді мүшесі Түркияның бірқатар талаптар қоюына байланысты Швецияда қасиетті Құранды өртеу акциясын өткізген оңшыл «Қатаң бағыт» партиясының жетекшісі Расмус Палуданның арандату әрекетіне исі мұсылман елдері наразылық білдірген болатын. Осыны ескерген швед полициясы қасиетті Құранды өртеу акциясына тыйым салған болатын (қараңыз: «Швецияда Құран өртеуге ресми тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/shvetsiyady-quran-orteuge-resmi-tyiym-salyndy-18286/#gsc.tab=0). Алайда, швед соты бұл тыйымның күшін жойды. Ол ол ма, заңгерлердің бірқатары полицияның бұл әрекетін сынға алып, полицияға мұндай тыйым салуға құзырет пен құқық берлмегенін алға тартып отыр.  «Швеция полициясының ел аумағында Құранды көпшілік алдында өртеуге рұқсат беруден бас тартуының заңды негізі жоқ». Әкімшілік сот мұндай әрекетті ұйымдастырушылардың өтініштерін қанағаттандырудан бас тартқан полицияның екі шешімін қарап, осындай қорытындыға келген. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

0 пікір
Мұрағат