Швеция оқуда озат ислами мектептерін жабуда
Швеция оқуда озат ислами мектептерін жабуда
2 жыл бұрын 1663 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швецияда ислам мектептері рейтингте жоғары тұрғанына қарамастан аталған ел билігі «білім беруді жекешелендірумен күресеміз» деген желеумен оларды бірінен соң бірі жауып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы жылдың бас кезінде сол кездегі білім беру министрі Лена Акселсон Келблум «үкімет тәуелсіз діни мектептерда ашуға тыйым салады» деп мәлімдеген болатын. Құқық қорғаушылардың пікірінше, бұл заңның көздегені дәл исламдық мектептер болып табылады және мұндай мектептерді қудалаудың себебі оқу үлгерімінің нашарлығы емес – керісінше, ислам мектептері оқу үлгерімі бойынша үздіктердің қатарында. Құқық қорғаушылардың пайымдауынша, заң жобасында оңшыл радикалдардың және исламофобтардың ізі бар. Стокголм маңындағы Фрамстегсколан мұсылман мектебінің директоры Мұхамед Харраки елдегі 20 ислам мектебінің билік тарапынан жабылу қаупі төніп тұрғанын, тек 3 мектептің әлі жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Стокголмдегі Saimagardens ислам балабақшасына билік тарапынан жала жабылған болатын, дәлірегі, «балаларды радикалдандырады» деп айыптағаннан кейін тамыз айында жабыла жаздаған еді. Алайда, балабақша әкімшілігі сот арқылы тағылған айыпты жоққа шығарып, мекеме жабылудан аман қалған болатын.

0 пікір
Мұрағат