Швед интеграциясының ерекшелігі: қарттар мен жастардың бірге тұруын ұйғарады
Швед интеграциясының ерекшелігі: қарттар мен жастардың бірге тұруын ұйғарады
5 жыл бұрын 2017 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті. Хельсингборгтегі SällB интеграциялық жобасына арналған тұрғын үй

Швециядағы зейнеткерлер жанына жас мигранттарды қоныстандырады. Шетелдіктерді швед қоғамына интеграциялау бағдарламасы аясында. Бұл жайында Deutsche Welle ақпарат көзі хабар таратты. SällBo әлеуметтік жобасы авторларының айтуынша, швед билігі қолға алған бұл бағдарлама өз кезегінде жалғызілік өмір сүріп жатқан қарттарға да, осы елге бой үйретіп, қоғаммен етене араласуына мүмкіндік алатын мигранттарға да көп көмегін тигізеді. Аталмыш бағдарлама шведтердің Хельсингборг шағын қаласындағы арнайы жатақханада жүзеге асырылады. 31 пәтер зейнеткерлерге беріледі, тағы 20 пәтер 18-25 жас аралығындағы мигранттарға бөлінеді. «Бұлай қоныстандыру әлемнің әлі бірде-бір елінде болған емес»,- деп отыр жоба авторлары. Швед халқы да қартаю процесі қарқын алған, туу көрсеткіші төмен, демографиялық апат алдында тұрған елдердің бірінен саналады. Сол себепті, мигранттардың үй ішінен үй тігіп, швед қоғамынан оқшау қалғанын қаламайды. Мигранттарды барынша тездетіп швед қоғамына сіңіріп алудың қамына кіріскен. Осы орайда біреуге күлкі көрінетін, енді біреуге түрпідей тиетін мынадай тәжірибені айта кетпеске болмайды: швед жеріндегі мигранттардың дені мұсылман елдерінен келгендер құрайды. Шведтер мұсылмандарға икемделу, ең бастысы, швед қоғамының мұсылман мигранттарды жатырқамай қабылдауы үшін мектептердің бірі швед оқушыларына намаз оқытып көрген болатын. Ол ол ма, ер балалар мен қыз балаларды бөлек тұрғызып, жайнамазда намаз оқып көрген. Сонсоң қасиетті Құранды оқыған. Яғни, желтоқсан айының 20-ы күні аталған скандинаваиялық елдің оңтүстік-шығысында орын тепкен Эммабода елді-мекенінде орын алған бұл жайт өз кезегінде ата-аналардың ашуына тиіп, жергілікті биліктің құлағын шулатқан болатын.

0 пікір
Мұрағат