Шұғыл медициналық жәрдем құралдарының нарығы 60 млрд долларға жетеді
Шұғыл медициналық жәрдем құралдарының нарығы 60 млрд долларға жетеді
9 ай бұрын 1063 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша созылмалы аурулары бар науқастар қарасы жылдан жылға көбейіп келеді. Осыған байланысты жаһандық денсаулық сақтау саласының шығыны бірнеше есе артады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Straits Research Private Limited - Garner Insights есебінде келтірілген дерекке жөн сілтеген Healthcare Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2033 жылға қарай жедел медициналық көмекке арналған құрал-жабдықтардың әлемдік нарығының жылдық өсу қарқыны 6,5%-ды құрап,  шамамен 60 миллиард долларға жетеді. Бұған ең әуелі емі қиын жүрек-қан тамыр аурулары, сусамыр, обыр секілді созылмалы аурулар себеп болмақ. Бұдан бөлек, жазатайым оқиғалардан, табиғи апаттардан, төтенше жағдайлардан, климат дағдарысынан, т.б. басқа да түрлі факторлардан денсаулық саласына үлкен салмақ түседі.

0 пікір
Мұрағат