Шөлден қаталайтын кезең жақындап келеді
Шөлден қаталайтын кезең жақындап келеді
7 жыл бұрын 3226 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Африкадағы Кейптаун мегаполисі өзінің жағажайларымен және отаршылдық кезеңнен бірден-бір сәулелі естелік болып қалған сәулетімен танымал. Кейптаун шаһарындағы мұсылмандар қарасы шамамен 40%-ды құрайды, қалада 150 мешіт бар. Қала тұрғындары қара жолақты күндерге біртіндеп жақындап келеді: келесі айдың орта шеніне қарай су таусылады. Есеп бойынша сәуір айының 12-сі су қоры таусылмақ. Кейптаун тұрғындары, міне, үш жылдың жүзі болып қалды, жауын-шашын көрмеді десе де болады. Миллиондаған тұрғыны бар қаланың су қоры ұдайы толтырылатын деңгейіне шаққанда 27%-ы ғана қалған. Бұл ақпарат осыдан бір апта бұрынғы болғандықтан, дәлі қазір қанша су қоры қалғанын кесіп-пішіп айту қиын. Бұған қоса, қазіргі су қоры негізгі Theewaterskloof плотинасынан жиналады: шамамен қаланың су қорының 40 пайызы осы плотинасынан жиналады. Егер су қорныңы деңгейі 15 пайызға дейін төмендесе, сорғылардың жұмысы тоқтатылады: қалған су ресурсын сақтау әрі сумен қамтамасыз ету жүйесіне лайды айдамау үшін. Қалалық және мемлекеттік органдар тұрғындарды суды үнемдеуге үндеп отыр: күніне 50 литрден артық су пайдалануға қатаң тыйым салған. Осылайша қала тұрғындары күніне 450 млн литр суды қанағат етуіне тура келіп отыр. Бұрындары күніне 1,2 млрд литрден аса су пайдаланылып келген екен. Су тапшылығы осы қаланың ең негізгі кіріс көзіне айналған туризм саласын ақсатып кетті: қонақ үйлердегі хауыздардың түбі құрғап жатыр және оларды қайта толтыруға қатаң тыйым салынып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұл қалаға жыл сайын екі миллионға тарта турист келеді. Қалада өтуі тиіс халықаралық кездесулер мен мәдени іс-шаралар өтпейтін болды. Қала билігі шұғыл көмек көрсету орталықтарын ашып жатыр: әр тұрғын күніне 25 литр су ала алады. Суды тұшшыландыру құрылғылары орнатылып, жаңа бұрғылар іске қосылып жатыр. Әр адамға бөлінетін 50 литр су екі минуттан асырмай бір мәрте жуынып-шайынуға, екі рет тіс тазалауға, қол жууға, бір уақ ыстық ас әзірлеуге,  ыдыс-аяқ жууға, дәретхана суын бір мәрте ағызуға, екі литрін ішуге ғана жетеді. Қала тұрғындарының есебінше.

0 пікір
Мұрағат