Шоколадтың жаһандық қорына қауіп төнді
Шоколадтың жаһандық қорына қауіп төнді
8 ай бұрын 1082 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Christophe Gateau / dpa / Globallookpress.com

Техас университетінің ғалымдары жойқын вирустың әлемдегі шоколад қорына қауіп төндіретінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы PLOS ONE ммерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада бүкіл әлемдік азық-түлік қауіпсіздігінде маңызды рөл ойнайтын какао өндірісіне тікелей қауіп турасында сөз болып отыр. Вирус дүниежүзіндегі шоколад өндіретін үш ірі орталықтың бірінен саналатын Ганадағы какао бұршақтарының 15-50 пайызын жоғалтуға әкеліп соқтыратын, қопсытқыштар деп аталатын жәндіктер зиянкестер арқылы таралады. Пестицидтің өзіне бой бермейтін жәндіктер какао ағаштарының жапырақтарын, бүршіктерін және гүлдерін қорек етеді, ал вирус какаоны қатерлі ауруға (CSSVD) шалдықтырады. Фермерлер жұқпалы аурулардан қорғау үшін ағаштарға екпе енгізу арқылы аурудың таралуына тосқауыл қоя алады. Дегенмен, екпенің құны жоғары, яғни, жалақысы төмен фермерлер үшін қымбатқа түседі. Бұдан бөлек, екпе алған ағаштар аз өнім береді. Яғни, бұл аурумен екпе арқылы күресу тиімсіздік танытуда. Аурумен күресу үшін жаңа стратегия әзірленді – бұл стратегия екпе алған ағаштар мен кәдімгі ағаштардың арақашықтығын сақтауға саяды, дәлірегі, ауру жұқтырмасы үшін екпе алған ағаш пен кәдімгі ағаштың бір-бірінен қашық орналастыру керек.

0 пікір
Мұрағат