|
Шіркеудің тыйымына қарамастан христиандар мешітке келді
|
АҚШ-тың Теннесси штатына қарасты Чаттануга қаласындағы мешітке елде исламафобиялық жат құбылыстың өршіп тұрғанына байланысты өздерінің мұсылмандар жағында екенін білдіру үшін бір топ христиан арнайы келді. Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың шілде айының 16-ы күні Әбдіәзіз есімді тегі кувейттік мерген бірнеше әскери қызметкерді атып тастаған болатын. Осы оқыс оқиғаға байланысты бұл елде мұсылмандарға қарсы наразылық күшейіп тұрған еді. Христиан ішіндегі баптистер мен пресветриандар қала тұрғындары әділетсіз қарым-қатынас жасаған жергілікті мұсылан жамағатына осылайша қолдау көрсетті. Христиандардың кейбіреуі балаларына толеранттылықтың үлгісін көрсету үшін балаларын да мешітке ерте келіпті. Меймандарды мешіт имамы Әбдібәсіт құшақ жая қарсы алды. Бұл жайында IslamNews ақпарат көзіThe Huffington Post басылымына сілтеме жасай отырып хабар таратты. Бір айта кетерлігі, келген христиандар бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерінен өздерінің аты-жөнін атаауды сұрады. Олар шіркеудің өздеріне мұсылмандармен қандай да бір қарым-қатынас жасауға тыйым салғанын мойындады.