Шіркеу қызметкері босқындар жәрдемақысымен күнелткен
Шіркеу қызметкері босқындар жәрдемақысымен күнелткен
9 жыл бұрын 3200 muslim.kz

Шіркеу қызметкері Понтус Гуннарсон 40 күн бойы босқындарға арналған жәрдемақымен күнелткен. Босқындарға берілетін күндік ақша – 61 кронға ғана өмір сүрген ол өз зерттеуін Пасха мейрамы қарсаңында аяқтаған. Ол Швециядағы босқындар жайының көпшілік ойлағаннан да ауыр екенін айтады.

«Психологиялық тұрғыдан өте ауыр. Мен кедей емеспін. Бірақ мұқтаждық не екенін сезіндім», – дейді ол.

Ол өзінің бұл бақылау зерттеу жұмысы жайлы баспасөз құралдарын да жиі ақпараттандырып отырған. Фейсбук парақшасына фотосуреттер мен жазбалар арқылы бөлісіп отырған дүниелер де көп. Ол осы әрекеті арқылы 22 жылдан бері өзгермеген босқындар жәрдемақысының мардымсыз екеніне қоғам назарын аудартпақ.

«Қоштамаған хаттар мен пікірлер де кездесіп жатты. Дегенмен, олардың барлығы мені қолдап, қуаттаған жандардың тасқынының астында қалды», – дейді Гуннарсон.

Босқындар қай елде тұрғатынын таңдай алмайтын болды

Eуродақ бұдан былай босқындардың қай мемлекетте тұрғысы келетін таңдай алмайтынын мәлімдеді.

Еурокомиссардың айтуынша, босқындарды орналастыру жобасы бойынша Еуро Одаққа мүше мемлекеттер босқындарды паналату жұмыстарына жауапкершілік алады. Ал, босқындарды қай елге орналастыруды Еуро Одақ нұсқап отырмақ.

Нәтижесінде 54 мың босқын Еуропа мемлекеттеріне бөлініп орналастырылады.

0 пікір
Мұрағат