|
Шіркеу және Достаевский...
|
Ресейде ерлер мен әйелдер деп, жыныстық ерекшелігіне қарай бөлуге тыйым салынбайтынын мәлімдеді Мәскеу патриархатының сыртқы шіркеулермен байланыс бөлімінің жетекшісі, митрополит Иларион. Сенбі күні, яғни, маусым айының 27-і күні "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Ресей қоғамында қалыптасқан дәстүрлі отбасы құндылығы сақталатынына сенім білдіре келе трансгендер мен өзге де дәстүрлі емес төсек қатынасындағылардың қуғын-сүргінге ұшырамайтынын, сонымен бірге, батыстағыдай мұндай азғындықтың насихатталуына жол берілмейтінін жеткізді. Священник осылай дей келе мұндай арсыздықтың имансыздықтан орын алатынын тағы бір мәрте ишара етіп, классик Ф.М. Достаевскидің сөзімен тұжырды: «Егер құдай жоқ болса, онда ойыңа келгенін істеуге болады».
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты