Ширек ғасырдан кейін 100 жасаған қарттар қарасы үш жарым миллионға жетеді
Ширек ғасырдан кейін 100 жасаған қарттар қарасы үш жарым миллионға жетеді
2 ай бұрын 931 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

100 жасқа дейін өмір сүретін адамдар қарасы күллі әлем бойынша шапшаң өсіп келеді. Алдағы бірнеше ондаған жылдан соң, дәлірегі, осы ғасырдың орта шеніне таман олардың саны шамамен үш жарым миллионға жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Life ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өмір сүру ұзақтығының артуына ең алдымен өмір сүру сапасының жақсарғаны мен медициналық жетістіктер ықпал етіп отыр. Дегенмен, өмір сүру ұзақтығының арту қарқыны осы ғасырда баяулауы мүмкін. Сарапшылар тарапынан «адамзат өз денесінің мүмкіндіктерінің биологиялық шегіне жақындады» деген пікір айтыла бастады. Білікті мамандар қартаю тек жасушалардың тозуынан ғана емес, сонымен қатар, бірнеше факторды қамтитын күрделі және көпқырлы тетіктерден тұратынын атап өтті. Қазіргі уақытта қартаюдың 10-15 түрлі механизмі белгілі, бірақ олардың барлығы бұл процестің бір ширегі ғана. «Біз қартаюдың негізгі себебін білмейміз және оның себебі мен салдары не екенін нақты ажырата алмаймыз. Бұл үлкен парадокс (кереғарлық), эволюциялық жұмбақ», - дейді геронтологтар. Сөйтсе де бүгінгі таңда адамның өмір сүру ұзақтығының артуы баяулағанымен таяу болашақта гендік инженерияның жетілдірілген нұсқаларының арқасында адамның ғұмыры ұзара түспек.

0 пікір
Мұрағат