Ширек ғасырдан кейін 1 млн-дай шахтер жұмыссыз қалмақ
Ширек ғасырдан кейін 1 млн-дай шахтер жұмыссыз қалмақ
1 жыл бұрын 953 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлем қоршаған ортаға зияны аз жаңғыртпалы энергия көздеріне жаппай көшуіне байланысты қазбалы отын энергиясына деген қажеттілік азяды. Осыған байланысты 2050 жылға қарай күллі әлем бойынша 1 млн-дай шахтер жұмыссыз қалады. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Global Energy Monitor (GEM) халықаралық талдау орталығы дайындаған Global Coal Mine Tracker есебінде әлемдік көмір өндірісінің 90%-ын құрайтын 4300 көмір шахтасындағы жұмыспен қамту деректерін жариялады – бүгінде жұмыс істеп тұрған шахталарда 2,7 млн адам тер төгіп жүр. Болжам бойынша 2035 жылға дейін көмір өнеркәсібінен шамамен жарты млн адам жұмысынан айырылады. Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 1 млн-ға жетпек. Көмір кенішіндегі жалпы жұмыспен қамтылғандардың 2,2 миллионы Азияда болғандықтан жұмыстан босайтындар қарасы Үндістан мен Қытайда көп болмақ. Әлемдегі көмір өндірісінің жартысын қамтитын Қытайдағы шахталарда 1,5 млн-нан аса адам еңбек етіп жүр. Көмір өндірісі бойынша Қытайдан кейін екінші орында тұрған Үндістанда бұл көрсеткіш (ресми мәлімет) - 337 400. Бұл екі елден кейін Индонезия жайғасқан – 160 000 кенші; төртінші орынға Ресей Федерациясы табан тіреген– 109 мың; бесінші орыннан көрінген Еуропада – 90 мың; кәрі құрлықтағы кеншілердің дені Полшада. Үндістанның Coal India мемлекеттік компаниясы 2050 жылға қарай 73 800 адамды жұмыстан босатады. Түркия аумағындағы шахталарда шамамен 12 000 адам жұмыс істейді және 2050 жылға қарай 2 000 кеншіне жұмыссыз қалу қаупі бар. GEM Global Coal Mine Tracker жобасының жетекшісі Дороти Мей әлем бойынша көмір шахталарының сөзсіз жабылатынын тағы бір мәрте еске салып өтті.

0 пікір
Мұрағат