Ширек ғасырда адамзаттың 80%-ы су тапшылығын тартады
Ширек ғасырда адамзаттың 80%-ы су тапшылығын тартады
2 сағат бұрын 45 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың болжамынша, жердегі ең қат, ең тапшы нәрсе – энергия немесе азық-түлік емес, су ресурсы болады. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде адамзаттың 40%-дан астамы су тапшылығын тартып отыр. Қазіргі уақытта әр адамға жылына 750 м ³ тұшшы судан келсе, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 450 м ³ -ге дейін азаяды. Әлем елдерінің шамамен 80% -ы Біріккен Ұлттар Ұйымының жіктеуі бойынша су ресурстары тапшылығының шегінен төмен санатқа жататын аймақта болады. Әсіресе, су тапшылығынан Африка құрлығы, соның ішінде шөл және шөлейт аймақтарға қатты зардап шекпек. Климат босқындарының қарасы бірнеше млн адамға артуы мүмкін. Айталық, америкалық ғалымдар тобы 2002-2024 жылдар аралығындағы спутниктерден алынған мәліметтерді зерттей отырып, планетадағы құрғақ аймақтардың шапшаң ұлғайып бара жатқанын байқады. Шапшаңдығы, шынын айтқанда, қорқынышты: жылына 800 мың шаршы шақырымнан асады -  шамамен Ұлыбритания мен Францияны қоса алғанда, екі елдің аумағындай жерді жылына құрғақшылық жайлайды. Бұған ең алдымен жаһандық жылыну мен соның салдары – климат дағдарысы себеп болып отыр. Ауа температурасы көтерілген сайын судың булану процесін күшейтеді. Нәтижесінде су тапшылығы артады. Ғалымдар су ресурсы көп ысырап болатын төрт өңірді анықтады: Солтүстік Америка мен Мексиканың оңтүстік-батысы, Канада мен Алясканың солтүстігі, Солтүстік Ресей және Таяу Шығыстан Солтүстік Африка мен Еуразияға дейінгі белдеу. Сондай-ақ, тұшшы су мұхиттарға құйылып ысырап болып жатыр, яғни, әлемдегі жерасты суы секілді қоры мол мұздақтар еріп, әлемдік мұхитқа тұшшу судің көп бөлігі кетіп жатыр. 

0 пікір
Мұрағат