Шиғалар еліндегі шоқындыру рәсімі (фото)
Шиғалар еліндегі шоқындыру рәсімі (фото)
4 жыл бұрын 3126 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кеше, яғни, бейсенбіде Иран аумағында ағатын Ақбаз өзенінде мандей наным-сеніміндегілері талайдан бері алғаш рет балаларын шоқындыру ғұрпын өткізді. Мандей наным-сенімі бойынша шарана туған сәтінен бір ай өткенде шоқындырылуы тиіс. Алайда, жұқпалы індетке байланысты шектеу шараларынан мандейлер бұл ғұрпын дер кезінде өткізе алмай қалған еді. Иран көне өркениеттер мен мәдениеттер ошағы. Заратуштрадан бастап, Зарға дейінгі түрлі наным-сенімдер ескінің сарқыншағындай немесе көненің сарқытындай болып, әлі күнге сақталған. Бұл жайында irna.ir ақпарат көзі мәлім етті. 

Мандеизм – түрлі наным-сенім (мысырлық, иудалық, христиандық гностикалық және парсылық) қоспасына негізделген монотеистік наным. Мандей сөзі арамайлердің «manda» («білім») түбірінен тараған, мағынасы гректердің gnosis («гностик») сөзіне сәйкес келеді. Арабша مندائية Mandā'īyah ежелгі ересиологиялық (секталық) шығармаларда да бұл наным-сенім туралы дерек кездеспейді. Дуалистік космологиямен байланысты гностикалық наным-сенім өкілдері Адам атаны, Абылды, Сифті, Нұхты, Симді, Арамды қастер тұтады. Ал христиандардан Иоанн Шоқындырушыны пір тұтады. Аталмыш наным-сенім Ефрат, Тигр, Карун  Карун өзендерінің төменгі сағаларында кеңінен тараған. Ғалымдар мен тарихшылардың пайымдауынша, атаған наным-сенім біздің дәуіріміздің алғашқы үш ғасырында Месопотамияның оңтүстік-батысында (қазіргі Сирия, Палестина аумағында) пайда болған. Бүгінгі таңда Ирактың оңтүстігінде, сондай-ақ, Иранның Хузестан провинциясында көптеп шоғырланған. Әлем бойынша мандейлер қарасы 70 мыңнан асып жығылады.

Бұл мәліметтер Уикипедия электронды анықтамадан және интернеттен алынды. Мандейлер туралы деректердің бір парасы ғана бұл жазғанымыз. Оның өзі ықшамдалып алынғанын ескерте кетеміз.

 

0 пікір
Мұрағат