Шиғалар елінде кәмелетке толмаған 14 мың жесір бар
Шиғалар елінде кәмелетке толмаған 14 мың жесір бар
6 жыл бұрын 2706 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранда балаларды қорғауға қатысты әлеуметтік саясат талқыға түсіп жатыр. Аталмыш елдің ISNA мемлекеттік ақпарат агенттігі таратқан хабары мен балалар арасындағы неке мәселесіне қатысты әлеуметтанушы Кәміл Ахметтің баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда, жасы18-ге толмай жатып шаңырақ көтеретіндердің некесін әлем қауымдастығы мойындай бермейді. Соған қарамастан бұл мәселе бар және алдағы уақытта бола бермек. 1990 жылдың өзінде аталмыш елдің аумағында неке қидырғандардың 4,5%-ның жасы 16-ға толмаған. 1994 жылы бұл көрсеткіш өсіп, 5,5%-ға жеткен. Кәмелет жасына толмай неке қидырушылар қарасы осы заманғы мәдени құндылықтар мен технологиялық жетістіктер және өзге де өркениет игіліктері салтанат құрған орталықтан шалғай елді-мекендерде көп болып шыққан. Бүгінгі таңда Иранда шамамен 14 мың жесір әйел бар кәмелет жасына толмаған. 

0 пікір
Мұрағат