Шиғалар елінде христиандықты насихаттағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Шиғалар елінде христиандықты насихаттағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
3 жыл бұрын 1401 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың тамыз айының 22-і күні Иранның Караж қаласында үш ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Шоқынып, христиандықты ел арасында насихаттағаны үшін. Артынан апелляция бойынша олардың үкімі жұмсартылып, жаза өтеу мерзімі үш жылға дейін қысқартылды. Көп ұзамай тұтқындар кепілдікпен және Иранның барлаушы полиция басқармасына апта сайын келіп тұру шартымен босатылған. Өткен жылдың қазан айында Иранның қауіпсіздік күштері күдікті тұлғалардың үйіне рейд жүргізіп, олардың компьютерін, қалта телефондарын және діни кітаптарын тәркілеген. Сот пен тергеуден кейін олардың жеке заттары қайтарылғанымен діни әдебиеттерді бермеген. Бұл жайында islam.kz порталы cnl.news ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Парсы елінің заңнамасындағы талаптар бойынша аталған ел аумағында христиандықты насихаттау, миссионерлік қызмет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, дәлірегі, он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Бұдан бөлек, христиандық әдебиеттерді парсы тіліне аударып тарату да заңсыз әрекет болып табылады. «Діннен шыққандарға», яғни, наным-сенімін ауыстырғандарға қолданылатын өлім жазасы 1994 жылы күшін жойған (мұндай жаза 1990 жылы орындалған).

Ұқсас материал:

«Дінді қорлағаны үшін мың жарымдай адам жазаланды» (https://islam.kz/kk/news/alem/dindi-qorlagany-ushin-myn-jarymdai-adam-jazalandy-15814/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат