Шиғалар елі картоп өндіруден алға шығып келеді
Шиғалар елі картоп өндіруден алға шығып келеді
5 жыл бұрын 2001 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жылына 5,1 млн тоннадан аса картоп қазып алынады. Иран аумағынан. Шиғалар елі әлемде картоп өндіруден 13-ші орынға шыққан. Бұл жайында аталған елдің ауыл шаруашылығын дамыту министрінің орынбасары Хұсейн Ширзад мәлім етті Біріккен Ұлттар Ұйымының биылғы азық-түлік және ауыл шаруашылық дерегіне сілтеме жасай отырып. «Ирандағы картоп өсіретін алқаптың аумағы 160 000 гектарды алып жатыр»,- деп мәлімдеді бір мезгілде Иранның ауылдық кооперативтердің орталық ұйымының жетекшісі болып табылатын Хұсейн Ширзад. Бұл жайында Financial Tribune ақпарат көзі хабар таратты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұл көрсеткіш бойынша әлемде Қытай көш бастап тұр – өткен жылы 99 млн тонна картоп өндірген, екінші орынға Үндістан табан тіреген – 49 млн тонна, ал үшінші орынға Ресей жайғасқан – 31 млн тонна.

0 пікір
Мұрағат