Шиғалар Бахай өкілдерінің қыр соңына шырақ алып түсті
|
Иран билігі елдегі Бахай наным-сеніміндегілердің қыр соңынан шырақ алып түсті. Израил пайдасына тыңшылық істеді деген айыппен. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Парсы елінің барлау министрлігі келтірген дерекке қарағанда, ирандық бахайлар Изриалдегі бахайлар орталығымен тығыз байланыс орнатып, арнайы жинаған ақпараттарды беріп отырған. Бұдан бөлек, ирандық қауіпсіздік күштері бахай наным-сенімін насихаттағандардың да қолына кісен салып, тұтқындап жатыр – қоғамды жікке бөліп, бүлік шығару үшін насихаатын күшейтті деген айыппен. Сөз соңында Бахай сенімінің 19-шы ғасырда қазіргі Иран аумағында пайда болған ағым екенін айта кетпекпіз.
Уикипедия электронды энциклопедиядан:
Баһаи Сенімі (ағыл. Bahá'í Faith, орыс. Вера Бахаи) - бүкіл адамзаттың рухани бірлігін ұран еткен ең жас әлемдік дін.[1] Сенімнің негізін қалаушы Баһаулла (1817—1892 ж.) Құдайдың адамзатқа аян беріп жіберген Ибраһим, Мұса, Будда, Заратустра, Кришна, Иса, Мұхаммед және Баб сияқты Елшілерден құралған тізбектің жалғастырушысы болып саналады.[2]
Баһаи сенімі XIX ғасырдың ортасында пайда болып, бүгінде 5 миллионнан астам ізбасардың басын біріктіреді. Олар 2112 түрлі ұлттар мен ұлыстардан, әртүрлі мәдениеттер мен әлеуметтік жіктерден құралып, әлемнің 188 мемлекетімен қоса 45 тәуелді территорияларда Баһаи сенімін ұстануда.[3][4] Сенімнің қасиетті жазбаларының белгілі бір бөлігі 800-ден астам тілге аударылған.[5][6]
Баһаи ілімі өзекті үш қағидаға негізделген.[7] Олар жаратушы Алланың бір екендігі, діндердің біртұтастығы және барша адамзат бірлігі. Алдыңғы пайғамбарлардың жазбаларына сәйкес, Баһаулла Құдайдың тек жалғыз діні бар деп жариялайды. Ол өткен шақта да, келешекте де Құдайдың қай елшісімен келмесін, мәңгі болып қала бермек.