|
Шетелдіктерге ұмра өтеуге рұқсат етілді. Қандай екпені алғандар қажылығын өтей алады?
|
Тамыз айының 10-ы күнінен бастап шетелдік қажыларға ұмра өтеуге рұқсат етілді. Саудия билігі жұқпалы індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында қатаң шектеу шаралары сақталатынын, соның ішінде, тек тәжді тажалға қарсы екпе алғандары ғана қасиетті мекенге кіргізілетінін ескертеді. Бұл жайында islam.kz порталы саудиялық бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ұмра өтегісі келетін шетелдіктер Саудия билігі мақұлдаған Pfizer, Moderna, Johnson& Johnson, AstraZeneca екпелерін алғандар ғана кіші қажылығын өтей алады. Қажылар алдымен карантиннен өтеді Саудия жеріне аяқ басқаннан кейін, содан соң короновирусқа қарсы ПЦР-тест тапсырады. Нәтижесі теріс шыққандарын ғана ұмраны өтей алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)
■
Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады
■
Жапония азаматтық алу үшін елде тұру мерзімін 5 жылдан 10 жылға ұзартты
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды