Шетелдіктерге бала асырап алуға тыйым салатын заңды қайта қарастырады
Шетелдіктерге бала асырап алуға тыйым салатын заңды қайта қарастырады
6 жыл бұрын 2866

Тәжікстан билігі тәжік әйелдерінің Ресей перзентханаларында тастап кеткен сәбилерін елге алдыртпақ. Тәжікстан үкіметіндегі дереккөз мәліметінше, үш баланы 27 шілдеде кешкісін елге жеткізген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

«Аналар балаларын тастап кеткенімен, мемлекет бөтен елде қалдырмайды. Ресейдің бірнеше азаматтары балаларды асырап алуға өтініш білдіріпті, бірақ, біздің дипломаттар тәжік балаларын шетелдіктерге асырап алуға тыйым салынатын заңды алға тартып, бас тартқан», - деді дереккөз.

2000 жылдардың басында асырап алынған балалар адам саудасымен айналысатындардың қолына тап болғаннан кейін Тәжікстан билігі балаларды шетелдік азаматтарға асырап алуға тыйым салған.

Бірақ, Тәжікстан жақында бұл заңды жоюы мүмкін. Бұл мәселені зерттеу үшін биыл көктемде арнайы жұмыс тобы құрылған. Себебі, шетелге қоныс аударған ондаған бұрынғы тәжікстандықтар жетім қалған балаларды асырап алғылары келген, бірақ, заңды алға тартып, оларға бала бермеген.

Осыған дейін БҰҰ Тәжікстан билігінен балаларды шетелдіктерге асырап алуға тыйым салу заңын қайта қарауды сұраған. 

0 пікір
Мұрағат