Шетелдіктерге арналған қор нарығы ашылады
|
Сауд Арабиясының қаржы саласын реттейтін құзыретті орган осы елдің 575 млрд долларға бағаланған қаржы нарығына шетелдік инвесторлардың тікелей қаржы салуына мүмкіндік беретін ережені қолданысқа енгізді. Бұл жайында «Al Arabiya» ақпарат көзі хабар таратты. Үстіміздегі жылдың келесі айында аталмыш нарық шетелдіктер үшін ашық болады. Шетелдіктердіің ішкі нарыққа тигізетін ықпалын азайту мақсатында аталмыш құзырлы органның белгілі бір шектеулер де енгізгенін айта кету керек: резидент емес инвесторлар листингтегі кез келген компанияның акциясын сатып алғысы келсе, оның мөлшері бес пайыздан аспауы тиіс. Жалпы алғанда шетелдіктер саудиялық компаниялардың 20 пайызынан артық акциясынан артық акцияға ие бола алмайды. Сонымен қатар, шетелдік капиталдың үлесі саудиялық қор нарығындағы жалпы мөлшері 10 пайыздан аспауы тиіс. Шетелдіктер саудиялықтардың акциясын маусым айының 15-нен бастап, сатып алуына болады. Саудиялық қор нарығына инвестиция салғысы келетін шетелдік ұйымдар, соның ішінде, орталық банктер алдымен рұқсат алуы қажет.