Шетелдік өмір салтына еліктегендер өлім жазасына кесіледі
Шетелдік өмір салтына еліктегендер өлім жазасына кесіледі
4 жыл бұрын 1745

Солтүстік Корея лидері «реакцияшыл көзқарастағыларға қарсы» деген жаңа заң жобасын қабылдатты. Бұл айында qazaqtimes.com ақпарат көзі мәлім етеді. Бұл заң шетелдің бейне таспаларын көргендерді, киімдерін кигендерді, шетелдіктерге еліктеп сөйлегендерді жазалайды. Тіпті, АҚШ пен Жапонияның көп сандағы видеоларымен ұсталғандар өлім жазасына кесілмек. Шетел видеоларын көру үстінде ұсталғандарға 15 жылға дейін қамау жазасы тағайындалған.  Қазірге дейін әлеуметтік желілері жоқ, азаматтар тек үкімет рұқсат еткен бірнеше сайтқа ғана кіре алатын Солтүстік Кореяда осындай жаңа шектеулер кіргізілуде. КХДР лидері Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын) жақында елдегі «Жастар лигасына» қарата мәлімдеме жасап, «күдікті, қоғамға қарсы және өзімшіл» жастарды жазалауға шақырды. Аталған мәлімдемесінде шетелдің кимдері, шаш үлгілері, сөз сөйлеуі «қорқынышты у» деп бағалап, ел жастарын «уланбауға» шақырған. Оңтүстік Кореяның және өзге шетелдік сарапшылары Солтүстік Корея лидерінің бұл қадамын «қарусыз соғыс» қатарында бағалауда. Себебі, аталмыш жаңа заң жобасын Оңтүстік Кореяда шығатын "The Daily NK" басылымы бірінші болып жариялаған. Қазіргі таңда Солтүстік Кореяда миллиондаған адам кедейшілік пен аштық жағдайын өмір сүруде. Шетелдік кино-сериялдардан жақсы тұрмыс, думанды қала өмірлерін көру елдегі қарапайым тұрғындардың қалыптан тыс «хоббиына» айналған. Онсыз да әлеуметтік жағдайы ауыр елде пандемия кезіндегі шектеулер тіпті де оңашалап тастаған. 

0 пікір
Мұрағат