Шетелдік жансыздарды ұстап берген тұрғындарға ақшалай сыйлық беріледі
Шетелдік жансыздарды ұстап берген тұрғындарға ақшалай сыйлық беріледі
8 жыл бұрын 2894 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі сәуір айының 10-ы күнінен бастап, ел аумағында жүрген шетелдік тыңшылар туралы қандай да бір ақпарат жеткізген тұрғындарға 500 мың юан ақшалай сыйлық береді. "Тыңшылық әрекетті әшкерелеген үшін азаматтарды көтермелеу бағдарламасына" сәйкес күдік тудырған тұлға туралы "жедел желіге" телефон шалу, хат жолдау, сондай-ақ, мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне хабарласу арқылы ақпарат жеткізгендер марапатталады. Бұл жайында China Daily ақпарат көзі хабар таратты. Тек шетелдік жансыздар турасында ғана емес, сонымен қатар, өзге елдің мүддесіне қызмет етіп жүрген қытай азаматтары туралы да хабар бергендер ақшалай сыйлыққа қол жеткізеді. Егер ақпарат расталып, мемлекетке пайдасы тисе, қырағы азаматқа 10 мың юанға дейін ақшалай сыйлық беріледі. Жансыз туралы ақпарат жеткізген адамның аты-жөні құпия ұсталады. Егер ақпарат жеткізген азаматтың өз басына немесе отбасына қауіп төнсе, мемлекеттің арнайы қызметі оны өз қорғауына алады. Пышақтың екі жүз бар дегендей, жеңіл жолмен ақша табуды ойлап, жалған ақпарат жеткізгендер немесе кінәсі жоқ адамдарға жала жапқандар жауапқа тартылып, жазаланатын болады. 

0 пікір
Мұрағат