Шетелден білім алғысы келетіндер Құранды жатқа білуі тиіс
|
Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын Малайзияның әуежайынан көтеріліп, Қытайға бет алған МН370 ұшағының із-түссіз жоғалып кеткендігі және оның бортындағы жолаушылардың да не өлі, не тірі екендігі, сондай-ақ, іздестіру жұмыстарының нәтиже бермегендігі жайында әлемдік ақпарат құралдары жарыса жазып, хабар таратқан еді. Міне, осы оқыс оқиғадан аузы күйген малайзиялықтар аэрокосмонавтика саласындағы маман тапшылығын жоюға шындап кіріспекші. Ол үшін аэрокосмонавтиканы игеремін деген жастарды шетелде оқытуды көздеп отыр. Алайда, оларға қойылатын жалғыз талап: қасиетті Құранның 30 парасын жатқа білуі тиіс. Ал осы сала бойынша шетелде білім алатын жастардың оқу ақысын Малайзия билігі өз мойнына алып отыр және хафиз атанған аэрокосмонавтика факультетінің студенттеріне шәкіртақы төлейтін болады.