|
Шетелдегі пәкістандықтар отанына биыл 38,3 млрд доллар ақша аударып, рекорд орнатты
|
2025 жылы шетелде өз еңбегімен нәпақа тауып жүрген пәкістандық мигранттардың еліне аударған ақшасы рекордтық деңгейге жеткен – 38,3 млрд доллар, яғни, өткен жылғы көрсеткішпен (30,3 млрд доллар) салыстырғанда 27%-ға артқан. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пәкістан орталық банк шетелдегі пәкістандықтардың қай елден көбірек ақша аударғаны туралы дерек келтіріпті. Бұл тарапта Сауд Арабиясы көш бастаған, аталған араб еліндегі пәкістандықтар отанына 823 млн доллар аударған. Одан кейінгі орыннан Біріккен Араб Әмірлігі көрінген – 717 млн доллар. Ал кәрі құрлыққа келсек, Ұлыбританиядаағы пәкістандықтар еліне 538 млн доллар аударған, ЕО – 442 млн доллар (бұл көрсеткіш өткен жылғы маусым айындағы аударылған ақша мөлшеріне қарағанда 34%-ға артқан). Topline Securities компаниясының бас директоры Мұхаммед Сақайыл Пәкісстаннан кейінгі орында шетелден ең көп ақша аударылған мемлекетті атады – Бангладеш (30 млрд доллар, бір жыл ішінде 26%-ға өскен). Шетелдегі еңбек мигранттарының аударған ақшасы ел экономикасындағы маңызды рөл ойнай бастаған: валюта қорын тұрақтандырады, ағымдағы операциялар үшін қаржы тапшылығын болдырмайды, т.б.