Шетел агенттеріне білім беруге және ағартушылықпен айналысуға тыйым салынады
Шетел агенттеріне білім беруге және ағартушылықпен айналысуға тыйым салынады
9 ай бұрын 817 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының заң шығарушы органы – мемлекеттік думасының қауіпсіздік пен жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі комитеті депутаттарға шетел агенті деп танылған жекелеген тұлғалар мен ұйымдарға тағы бір шектеуді енгізу қарастырылған заң жобасын бірінші оқылымда қабылдауға кеңес берді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жолы шетел агенттеріне ел аумағында білім беруге және ағартушылықпен айналысуға тыйым салынбақшы. Бұл өзгертуді «РФ-дағы білім беру туралы» заңға енгізуді ұсынып отыр. Аталмыш заңнамалық өзгертуге сәйкес шетел агенттеріне тек балаларға ғана емес, сонымен қатар, ересектерге білім беруге тыйым салынады. Бұдан басқа, заң «лицензиат шетелдік агенттер тізіліміне енгізілген жағдайда білім беру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылады» деген нормамен толықтырылады.

0 пікір
Мұрағат