Шешенстандағы ішімдік сататын сауда желісінің соңғы дүкені жабылды
|
Шешенстандағы «Лента» дүкендер желісі өз жұмысын тоқтатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Shopper's ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа жыл мерекесінен Грозный қаласындағы аталмыш сауда желісінің жалғыз гипермаркеті жабылатын болды. Жалпы ауданы 12000 шаршы метрді алып жатқан бұл сауда орны табаны күректей он жыл тұтынушыларға қызмет етіпті. Тіпті, оның ашылу салтанатты шарасына Шешенстанның басшысы Рамазан Қадыровтың өзі қатысқан болатын. Бастапқыда сауда желісінің басшылары сатып алу қабілеті жоғары әрі бәсекелестер жоқтың қасы (яғни, ішімдік сататын өзінен басқа сауда желілернің болмауы) Шешенстанда қырып табыс таабамыз деп дәмеленген еді. Дегенмен, аталмыш сауда желісінің қожайындарының үміті ақталмады. Өйткені, бұл аймақта мұсылмандар тұратындықтан саудасы жүрмеді. Бұдан бөлек, спиртті өнімдерді сату уақытының шектеулі болуы да (кешкі сегізден онға дейінгі екі сағат) сауданың жүруіне кедергі келтіргенге ұқсайды. Бұл дүкеннен ішімдік өнімдерін тек сырттан келген меймандар мен мұсылман емес тұрғындар ғана алатын еді.