Шешенстан басшысы «философиялық» фото жариялады
Шешенстан басшысы «философиялық» фото жариялады
10 жыл бұрын 6261 ummet.kz-ақпарат

Шешенстан басшысы өзінің Instagrame парақшасында жыланмен түскен фото, бейнежазбасын бөлісті. Онда реңі суық жыланның жанында Қадыров намаз оқып, «үлкен философиялық, діни, рухани мәні бар» естелік қалдырды.

Қадыровтың айтуынша, осы сынды кейбір әзәзіл күштер халықты өшіктіріп, діндер мен елдердің тыныштығын кетіру арқылы жер бетіне «басқарылатын хаос» орнатпақ. Ол саясат сахнасындағы тұлғалардың жеке мүддеден шығуын, өмір бойы «бүтін бір халықты жоқшылықпен, қауіп-қатермен қысып, тұқыртуға» болмайтынын айтты.

Сондай-ақ, Шешенстан президенті зорлық-зомбылықпен күресті тау шыңына өрмелеумен теңестірді. «Бұл – өте ауыр жағдай. Бірақ, бір қадам артқа шегінуге болмайды, алдыға ұмтылу керек. Сонда шыңды бағындырып, мақсатыңа жетесің. Біз сіздермен бірге жауыздыққа қарсы тұрамыз» дейді Р.Қадыров.

Айта кетсек, Қадыров жариялаған постыға #StopTheDevil и #Әзәзілді тоқтатайық тегі қолданылған. 

0 пікір
Мұрағат