Шенеуніктердің балаларына шетелде білім алуға тыйым салу турасында ұсыныс айтылды
Шенеуніктердің балаларына шетелде білім алуға тыйым салу турасында ұсыныс айтылды
8 жыл бұрын 2876 tengrinews.kz РФ Мемлекеттік думасының депутаты Валерий Рашкин © The Moscow Post

Парламентарий елдің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету" туралы заңына сәйкес өзгертулерді  2017 жылдың 1 қаңтарына дейін енгізуді ұсынып отыр. Тыйым мемлекеттік қызметкерлерге, соның ішінде қалалық деңгейдегі шенеуніктерге де және мемлекеттік кәсіпорын мен корпрация қызметкерлеріне қатысты. Бұл тізімге бір жылдан астам уақыт шетелде қызмет ететін қызметкерлер ғана кірмейді.

Заң жобасына қосымша тіркелген түсіндірме хатында балаларды шетелде оқыту "елде нағыз ұлттық басқарушы элитаның қалыптасуына бөгет етеді, кадрларды жоғалтуға, Ресейде әлеуметтік теңсіздікті қалыптастыруға және басқарушы таптың халықтан ажырауына алып келеді" делінген.

Рашкиннің айтуынша, бұл тыйымның енгізілуі шенеуніктерді елдегі білім сапасын жақсартуға итермелейді. 

Тамыз айында осыған ұқсас заң жобасын "Аванти" іскерлік патриотизмді дамыту бойынша кәсіпкерлер ассаоциациясының президенті Рахман Янсуков ұсынған болатын. Ол мұны кез келген ресейлік жасөспірімнің шетелдік арнайы қызметтің нысанасына айналуы мүмкіндігімен негіздеген. 2013 жылы осы сияқты заң жобасын депутат Олег Смолин де ұсынған болатын. Алайд, аталған заң жобасы қабылданбады.

0 пікір
Мұрағат