Шенеуніктерді халықпен байланыстыратын "шариғи" шара қолға алынды
Шенеуніктерді халықпен байланыстыратын "шариғи" шара қолға алынды
6 жыл бұрын 2983 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Индонезияның Палембанг қаласыңнда жергілікті билік мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру әрі тұрғындармен тығыз байланыс орнтауы үшін ерекше шараны қолға алды. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аталған елді-мекен шенеуніктері күн сайын таң намазына қатысуға міндеттелді. Бұл міндеттен мемлекеттік қызметкерлер бұлтарып немесе жалтарып кете алмайды. Өйткені, арнайы маобилді қосымша арқылы олардың жаңа талапты қалай орындағаны қадағаланып отырады. Оқырманға түсінікті болу үшін мынаны айта кетпеске болмайды: әлбетте, дінде зорлық жоқ, бұл арада шенеуніктің намаз оқу немесе оқымау турасында сөз болып отырған жоқ, ең әуелі халықпен тығыз жұмыс істеуге, олардың талап-тілегін, арыз-шағымын тыңдауға ең қолайлы орын ретінде мешіт таңдалып алынып отыр. Бұдан бөлек, Индонезияда мемлекеттік қызметкерлердің намаз оқуы қалыпты жағдай саналатындықтан олардың таңғы намазды үйде емес, халықпен бірге мешітте оқуға міндеттелуі сөкет көрінбеуі тиіс. Жергіліктің тұрғындардың мемлекеттік қызметкерлерге қояр талабы бар: көшенің жарықтандырылуы, сумен жабдықталуы жеткілікті деңгейде жолға қойылмаған. Бұл жайында New Straits Times ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат