Шартарап: Тәжікстанда полиция бір жылда 13 мың адамның сақалын алып тастаған
Шартарап: Тәжікстанда полиция бір жылда 13 мың адамның сақалын алып тастаған
10 жыл бұрын 2791

2015 жылы Тәжікстанның Хатлан облысында жергілікті билік 13 мың ер адамның сақалын күшпен алып тастаған. Сонымен қатар, 2 мың әйел өз еркімен хиджаб киюден бас тартқан.

Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары «тәжік мәдениетіне сәйкес келмейтін құндылықтармен» күрес барысында осындай шараларды қолға алған.

Тәжікстанның милиция қызметкерлері жүз мыңға  жуық сақалды адамдарды ұстаған. Олардың аты-жөнін анықтап, саусақтарының ізін алған  соң сақалдарын күшпен қырып тастаған.

«Жат құндылықтардан арылыңдар! Дәстүрлі үлгімен тігілген киім киіңдер, тәжік әйелі үшін қара түс қаралы күйдің белгісі», - деп атап өткен мемлекет басшысы Эмомали Рахмон.

 

Көл маңына қойылған автомобиль мұз мүсініне айналды (ВИДЕО) 

ҚазАқпарат - Америкалық Нью-Йорк штаты тұрғынының көлігі бір түнде мұз мүсінге айналды. Ол машинасын Эри көлінің жағасына қалдырған.   

Темір тұлпар иесі іс-әрекетіндегі ағаттықты екінші күні көлігін әкетуге келгенде ғана түсінген, деп хабарлады 1tv.ru.

Бұл уақытта ауа райы қатты бұзылды - аяқ астынан күн суытып, көлде дауыл көтерілген. Осының салдарынан ол эвакуатор шақыртып, көлікті құрсаулаған мұзды сындыруға, кейін жылы гаражға біраз уақытқа қоюға мәжбүр болды. 

0 пікір
Мұрағат