Шартарап: Қытайда шыны көпірді сынап көрді (ВИДЕО)
|
Қытайдың Хунань провинциясында ондаған адам шыныдан тұрғызылған көпірдің беріктігін сынақтан өткізді. Келушілердің қолдарына үлкен зілбалта ұстатып, көпірдің шыны бетін ұрып көруді ұсынды.
Аспалы әйнек көпір туристердің қызығушылығын тудыруда (видео)
Табиғаты керемет жерге әйнектен көпір салып немесе көру алаңын тұрғызып туристерді тартуға болады. Бейжің қаласының маңында орналасқан 400 метр биіктіктегі дәл осындай шыныдан салынған көру алаңын тамашалағысы келетіндердің саны толастар емес. Әлемдегі ең үлкен аспалы әйнек алаңқайдың ені 33 метрді құрайды. Шыны еденде өзін емін-еркін сезінетіндер де, қорыққанан бір қадам жасай алмайтындар да кездеседі. Ең бастысы, күнделікті қауырт жұмыстан шаршаған жастар үшін жүйке сергітудің жолына айналған. Осыдан бір ай бұрын ғана пайдалануға берілген аспалы алаңды көргісі келетіндер сағаттап кезек күтуде. Айта кетейік, дәл осыған ұқсас аспалы әйнек көпір өткен жылы Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Хунань провинциясында да салынған болатын. Соған қарағанда саяхаттаушыларды тартудың тың тәсілі табылған сияқты. Ян Ян, турист: - Әйнек биіктікке көтерілгенде жүрегім ауызыма тығылды. Бірақ, қорқынышымды мына әдемі көрініс жеңіп кетті. Шэнь Сяолин, турист: - Келешекте осындай қызық ғимараттар көптеп салынса деймін. Ішкі туризмді дамытуға, жұрттың жақсы дем алуына үлкен септігін тигізер еді.