Шартарап: Жұмысына суда бамбук таяғымен жүзіп барады (видео)
|
Қытайдың Ханчжоу қаласының тұрғыны Фан Шуюн жұмысқа ерекше әдіспен барады. Ол көлік ретінде бамбук таяғын пайдаланады екен. Бұлайша жүруді ол 2 жыл ішінде үйреніпті. Соның нәтижесінде бұл күнде кептелісте тұрмай, жолына ақша шығындамай жұмысына тез жетіп алатын көрінеді.
Кунг-фумен еркін айналысатын 93 жастағы әжей көпшілікті таң қалдырды (видео)
93 жастағы қытайлық әжей физикалық формасын қалыпты сақтаған. Ол жауынгерлік әдістерді әлі күнге де еркін орындай алады. Видеодан оның жауынгерлік әдістерін, дене сымбатын еркін қозғалтып, өзін ұстауын көруге болады.
Британдық бір тәулікте 12 елге барып шықты
Йоркшир графтығының тұрғыны Адам Лейтон (Adam Leyton) 24 сағатта барған елдер саны бойынша рекорд орнатты. 25 мамырда ол таңертеңгі 7-де Германиядан шығып, жолай Люксембург, Франция, Бельгия, Голландия, Дания, Швеция, Польша, Чехия, Словакия, Венгрияда болып, сапарын Австрияда аяқтады. Бір тәулік ішінде турист Варшавадан Братиславқа баратын пойызда екі сағат қана көз шырымын алған. Соңғы 12-ші мемлекетке үлгеруі үшін оған шекараны жаяу кесіп өтуге тура келген. 39 жастағы үш баланың әкесі осы сапарын қаңтар айынан бері жоспарлаған. Бұған дейінгі осындай әлемдік рекорд 1993 жылы орнатылған, сол жолы саяхатшы бір тәулікте 11 мемлекетке барып үлгерген.
Ғарыш стансасында үрлемелі модуль орнатылды (видео)
NASA Халықаралық ғарыш стансасының аумағы бұрынғыдан кеңейе түсті. Американдық ғарыш агенттігі (NASA) үрлемелі модульді орнатудың барысы түсірілген роликтің тез нұсқасын ғаламторға жариялады. Айта кету керек, модуль тек екінші әрекеттен кейін ғана орнатылды. Себебі, бірінші рет үрлеген кезде қысым аз болып, модуль ішіне ауа толмай қалды. Бұл модульді жасаған инженерлер оның материалы ғарыш кеңістігі жағдайында бұрынғысынан қатайып кетіп, созылмай қалатынын ескермегендіктен болыпты. Ұсақ-түйектерді сол орнату барысында жетілдіріп, жоқтан бар жасаған мамандардың арқасында ғарыш стансасында тұруға және ғылыми жұмыстар жүргізуге болатын қосымша 16 куб метр кеңістік пайда болды.