Шартарап: Жұма намазына баруды заңдастырады
|
Түркия билігі қызметкерлер мен жұмысшылардың жұма намазына баруына жағдай жасайтын болды. Яғни, жұма намазына барғаны үшін ешкімді жұмыстан қумайды. Бұл жайында премьер-министр Ахмет Дәуітұлы парламент фракциясының мәжілісінде мәлім етті. Тиісті түзетулер жақын арада Еңбек кодексіне енгізілетін болады. Министрлер кабинетінің өкілі аталмыш шараның наным-сенім бостандығын қамтамасыз ететінін жеткізді.
Емтихан уақытын Рамазан айымен тұспа-тұс келтірмейтін болды
Ұлыбританияда орта білім беру саласындағы емтихан уақытын қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келтірмейтін болды. Бұл шара мұсылман оқушыларының қиналып қалмасы үшін қолға алынып отыр. Бұл жайында «Islam-Today» ақпарат көзі хабар таратты. Емтихан алатын комиссия мүшелерінің айтуынша, олар мұсылман жамағатының өкілдерімен кездесіп, осындай келісімге келген.