Шартарап: Гректер Палестина мемлекетін мойындады
Шартарап: Гректер Палестина мемлекетін мойындады
8 жыл бұрын 3336

Грекия парламенті Палестинаны мемлекет ретінде мойындайтын қарарды бекітті. Израил басқыншылық саясатынан зардап шегіп отырған Палестинаны мемлекет ретінде мойындайтын аталмыш құжаттың мәтіні үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 22-і күні парламент мәжілісінде оқылады. Бұл маңызды жиынға Палестина басшысы Махмұд Аббас та қатысатын болады.

 

«Жедел жәрдем» көлігінен құлап түскен пациент туралы видео әлем жұртшылығын тіксіндірді (видо)

Мәскеу қаласының түбіндегі Королев дәрігерлері емханаға барар жолда пациенттің ажалына өздері себепкер болды. Нақтырақ айтқанда, сырқат қатты жүріп бара жатқан «жедел жәрдем» көлігінен құлап түскен. Артынан «ВКонтакте» әлеуметтік желіде науқастың жантәсілім еткені турасында хабар тарады. Бұл оқыс оқиға үстіміздегі жылдың қараша айынынң 16-сы күні орын алған болатын. Бұл қайғылы ақпарат елеусіз қалар ма еді, егер әлемнің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында айтылмағанда. Дәрігерлердің ұқыпсыздығы жұртшылықтың наразылығын тудырды. 

0 пікір
Мұрағат