|
Шартарап: Гамбия президенті елін ислам республикасы деп жариялады
|
Гамбия президенті Яйя Джамме сенбі күні елін «ислам республикасы», деп жариялады. Бұл жайында мемлекет басшысының ресми сайты хабар таратты. «Бүгіннен бастап Гамбия – ислам республикасы. Біз азаматтардың құқықтарын құрметтейтін ислам мемлекеті болмақпыз», - делінген мәлімдемеде. Гамбияның 90%-ға жуығы өздерін мұсылманбыз деп санайды, алайда елде күні бүгінге дейін ресми мемлекеттік діні болмаған. Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде 4 ислам республикасы бар. Олар: Иран, Пәкістан, Ауғанстан мен Мавритания.
Дайындаған: Жақтай Ә.
Парижде 196 ел климат жөніндегі жаңа келісімді қабылдады
Парижде 196 елдің өкілдері БҰҰ- ның климат жөніндегі жаңа шекті келісімін қабылдады. Құжатқа сәйкес мемлекеттер 2022 жылға дейін жаһандық жылумен күрестегі ұлттық мақсаттарын айқындауы тиіс. Ал 2023 жылы алғашқы жалпы қорытынды сараланады.
Ұлттық іс-шаралардың басты мақсаты - Жер бетіндегі ауа температурасының көтерілуін индустрияландыруға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2 градустан аспайтын деңгейде ұстап тұру.
Айта кетер жайт, елдер температураның өсуін 1,5 градусқа дейін тежеуге тырысатындықтарын мәлімдеді.