Шартарап: Дұға еткен мұсылман баласы байитын болды
Шартарап: Дұға еткен мұсылман баласы байитын болды
10 жыл бұрын 4065

Швецияның Мальмё қаласында полициядан жәбір көрген мұсылман баласы мен оның әкесіне көмек көрсету жөніндегі жалпы ұлттық науқан басталып кетті. Пойызға белетсіз отырмақ болған 9 және 12 жастағы екі балаға шүйліккен полиция қызметкерлерінің әрекеті швед қоғамында наразылық тудырды. Тәртіп сақшыларының кәріне ұшыраған кезде 9 жастағы мароккалық Самир ажал алдында айтатын дұғаны оқыған екен. Ал өзінің айтуынша, отанында бұларды зарыға күтіп отырған әкесі сырқат көрінеді. Оған ота жасауы үшін қомақты қаражат керек. 53 жастағы Джонни Петтерссон әлеуметтік желіде оларға көмек көрсету жөнінде акция ұйымдастырған. Швед тұрғынының бұл бастамасы сол сәтінде қолдау тауып, жыылу жинау науқаны басталып кетті.

 

Сұйық шоколадқа батып өлудің аз-ақ алдында қалған

Бұл оқиға Ұлыбритания шекарасында орын алған. Шекарашылар шоколадтың сұйығы құйылған жүк машинаның цистернасынан сириялық жеті босқынды тауып алған. Шекараны заңсыз жолмен қиып өтпек болғандар шоколад сұйығына батып, тұншығып өлетін болған соң өздері берілген. Яғни, тура шекарада ұсталған 25 жастағы жігіт пен оның 6 досы осымен 18-ші рет тұтылғандарын жеткізді. Шекараны заңсыз жолмен қиып өтпек болған әрекеттерінің бәрі сәтсіз аяқталған. Тұншығып өлетін болған соң, амал жоқ, шекарашыларға өз еріктерімен берілгендер екі жарым сағат цистернада отырғандарын да жасырмады. Францияның Кале қаласындағы лагерден қашып шыққаандарын да жайып салды. Олар Францияға кері қайтарылды.

0 пікір
Мұрағат