Шартарап: Дубай бизнесмені Камбоджа мұсылмандарына мешіт салып берді (ФОТО)
|
Камбоджаның Пномпен елді-мекенінде Дубай бизнесменінің (аты-жөні айтылмаған – ред.) қаржысымен салынған осы елдегі ең үлкен мешіттің ашылу салтанатына премьер-министр Хун Сенаның (Hun Sen) өзі арнайы келіп қатысты. Дубай бизнесмені осынау сауапты іске 2 900 000 доллар қаражатын бөлген. Бұл жайында Islam-today ақпарат көзі хабар таратты. Ел премьері аталмыш шарада сөз сөйлеп, толеранттылықтың арқасында осындай жобаның жүзеге асып отырғанына айрықша тоқталды. Камбоджада діни азшылықты құрайтын шамамен 350 000 мұсылман жамағаты сау-саламат өмір сүріп жатыр.
Мұсылман шеберлері Рим Папасына тақ дайындап жатыр
Ағаштан жонып, бұйым жасайтын өз шеберханасы бар босниялық мұсылмандар отбасы өзгеше тапсырыс алды – Рим Пасаның тағын жасау турасында. 61 жастағы Сәлім Хаждариевич пен оның 33 жастағы ұлы Эдин, міне, бір аптаның жүзі болды, Завидович қаласындағы шеберханаларында жатпай-тұрмай понтификтің тағын дайындап жатыр. Әкелі-балалы мұсылмандар үстіміздегі жылдың маусым айының басында Боснияға арнайы ат ізін салып, жамағатымен кездесетін Рим Папасы келгенше жасап үлгеруі керек. «Мұндай аса маңызды тапсырысты орындағаныма қуаныштымын»,- деді Эдин Associated Press ақпарат көзіне берген сұхбатында. Бұл жайында Bradenton Herald ақпарат көзі хабар таратты. Ал жергілікті священник Миро Беслич ағаш таққа қаажетті керек-жарақ үшін жылу жинаған. Мұсылман шеберлері бұл тақты аақысыз-пұлсыз жаасап беруге келісімдерін берген.