Шартарап: Бір-бірін шатастыратын егіз-жас жұбайларға тегін ота жасалатын болды
|
Қытай тұрғындары ағайынды Чжао Синь (Zhao Xin) мен Чжао Сюань (Zhao Xuan) және олардың әйелдері, апалы-сіңлілі Юн Фэй (Yun Fei) мен Юн Ян (Yun Yang) бір-бірін шатастырмас үшін жүздерін өзгертпек.
The Sunday Times хабарлағандай, ота Шанхай госпитальдерінің бірінде жасалмақ.
Басылым атап өткендей, ағайындылар Чжао бір-біріне түрлерімен ғана емес, олардың дауыстары мен ым-ишараттары да бірдей. Апалы-сіңлілі Юндерде де тап осындай жағдай.
«Егіздер бір-бірімен кездесе бастағанда бір-бірін ауыстырып алу қаупі төнді. Осындай жағдайлардан кейін олар мәселелерін пластикалық хирургия арқылы шешуге бел буды», - деп жазды газет.
Ерлі-зайыптылардың жанұялары Қытайдың солтүстіктегі Шаньси провинциясында орналасқан көрші ауылдарда өмірге келген.
Басылым ақпаратынша, дәрігерлер отаны тегін жасауға келісті.
ШІРКЕУ ҚЫЗМЕТШІСІ ЖҮРГІЗУШІНІ САБАП ТАСТАДЫ (ВИДЕО)
Новосибирскіде шіркеу қызметшісі жолға таласып қалып, жүргізушіні соққыға жыққан, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы sibkray.ru-ға сілтеме жасап.
Оқиға жексенбі күні болған. Вадим Мальцев есімді жүргізуші жол бермей қойған көлікке келіп, жүргізушісімен сөйлескен. Ол бірден Мальцевке дүрсе қоя берген.
«Мен көліктің жүргізуші жағынан келдім. Ол оң рөлді машина болатын. Жүргізушіге «Жол ережесі кім үшін жазылды?» дегенім сол еді былапыт сөздермен жауап қатты. Сөзге келіп қалдық. Ол да машинадан түсті. Мені боқтағанына төзбей бас киімі мен көзілдірігін шешіп алып, бір қолына ұстаттым да шашынан тартып қалдым. Осы кезде көліктің артынан поп шықты да, крестпен басымнан бір қойды», - дейді В. Мальцев.
Оқиға орнына полиция шақырылған. Шіркеу қызметкері мен оның жүргізушісі де полицияға қарсы арыз түсірген.
Жартасқа шығып қызына ұсыныс жасап, қайтадан жерге түсе алмай қалған америкалық құтқарылды (ВИДЕО)
Калифорнияның 27 жастағы тұрғыны Майкл Бэнкс Моро жартасына шығып, үстінен сүйікті қызына ұсыныс жасамақ болған. Бастапқыда барлығы жоспарға сай жүрген: жартасқа шығып, видео селфи қолданбасы арқылы сүйіктісімен байланысқа шығады, ол келісімін береді.
Құздан түспек болған жігіттің жағдайы қиындайды. Жартастың орта тұсында жетіп, бір кетікке аяғын тіреп тұрады. Одан әрі түсе алмай қалады.
Кейін ол жерге құтқарушылар келіп, тауда қалып қойған адамды алып түсуге тікұшақ шақыртылады.
Майкл Бэнксті құтқарылды. Бірақ тәртіп сақшылары оған тікұшақты пайдаланғаны үшін ақша төлеуді міндеттеді. Сонымен қатар, қорғалатын жартасқа рұқсатсыз шыққаны үшін айыппұл салды.
Дегенмен оқиға мұнымен бітпеді. Аз уақыт өткен соң оны полиция есірткі пайдаланғаны үшін қамауға алды. Ал оның уәде берген қызы күйеуге шығудан бас тарқан.