Шартарап: Аяқсыз қыз арманына жетті
|
Үндістандық Раушан Жауад есімді қыз медицина саласында білім алу құқына қол жеткізді.
Емтиханнан сәтті өткен қыз 2008 жылы медициналық колледжге түскен. Дәл осы кезде арманы асқақ қыз күтпеген жерден пойыз астында қалып, екі аяғынан айырылады. Раушан ұзақ уақыт емделгенімен медицина сараптамасы оның 88%-ға мүгедек екенін хабарлады. Ал Үндістан Заңы бойынша медициналық оқу орнына мүгедектіктің 70%-ына дейін ғана түсе алады.
Раушан Джаввад Бомбей сотына жүгініп, медициналық колледжде оқу құқын алуға талпыныс жасалы. Ол осы уақытқа дейін ешнәрсеге мойымастан, оқу бағдарламасын үйінде жалғастырып, өзінің мәселесі қаралып отырған сот тыңдалымын да қалт жібермеген екен.
Нәтижесінде, Бомбей бас соты Мохит Шах мақсатшыл мұсылман қызымен тікелей тілдесуге барып, оның білімге құштарлығы мен ерік-жігеріне куә болды. Қайсарлығымен сотты мойындатқан Раушан енді елдегі үздік медициналық колледждегі оқуын қайта жалғастырады.
Мұсылман әйел үздік инженер атанды
Мұсылман әйел ауқымды ғылыми зерттеу жұмысы үшін Араб инженерлері Федерациясының марапатына ие болды.
Доктор Фатух әл-Ракам – инженерия саласында үздік деп танылған алғашқы араб әйелі.
Ол өзінің бұл жетістігі Кувейт әйелдерінің ғылым саласындағы даму деңгейін көрсететінін атап өтті.
Фатух әл-Рамкам – Кувейттегі Энергетика және құрылыс зерттеу орталығында қуатты тиімділігі бағдарламасының директоры. Күн қуаты арқылы өндіріс отынын шығаруға патент алған ғалым әйел қуат көзінің стандарттан тыс түрлері саласы бойынша бірнеше маңызды ғылыми мақалалардың авторы.
Инженерия саласындағы ең жоғары марапатты әл-Ракамға Бахрейн конференциясында табыс етті. Айта кетейік, 29-30 наурыз күндері Бахрейнде араб әлемінің осы саладағы беделгі ғалымдары бас қосты. Конференцияның инфрақұрылымдық қатынас жобаларын жүзеге асыру үшін әрі араб елдеріндегі технологияның рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.